Баспасөз хабарламасы
Оқиға: Александр Иванович Калугинның ән студиясының 10 жылдығына арналған концерт.
Өткізу күні және уақыты: 2017 жылғы 21 қазан күні сағат 18.00-де.
Өткізу орны: Е. Өмірзақов атындағы филармонияның концерт залы (Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85).
«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақ ССР және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Александр Иванович Калугинның ән студиясының 10 жылдығына арналған концерт өтеді.
Калугин студиясы – бүгінгісапалы кәсіби ән өнерін меңгерем деушілерге арналған сапалы өнер ошағы. Бұл өнер студиясы Қостанай өңірінде ғана емес, шет жерлерге де танымал. Александр Ивановичтен 10 жыл ішінде 24 лауреат тәлім алды және халықаралық конкурстарда марапатқа ие болды. Олардың ішінде жас жұлдыздар - Балуан Беркенов, Мирас Киньяров, Ернар Садырбаев, Айдана Жақыпова, Айгерім Сандыбекова, Арман Тоққабылов, Айгерім Кенжетаева, Серік Қадіржанов бар. Тәлімгерді құттықтау үшін Қазақстан және Ресейден шәкірттері келеді деп күтілуде. Бұл майталман өнер иесі өз шәкірттері үшін тек тәлімгер ғана емес, дарынды әртіс және ұлағатты ұстаз.
Александр Иванович Калугин өнерге жан-тәнімен қызмет етіп қана қоймай, өз сүйікті кәсібіне бар ынта-жігермен беріліп еңбек етті. Оның өмір жолы–еңбекқорлыққасиеті, аса дарындылығы өскелең ұрпақтың өмірден өз орнын табуына оң ықпал етері сөзсіз!